Размер шрифта:

«Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнін оқыту және сабақтан тыс жұмыстар»

«Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнін оқыту және сабақтан тыс жұмыстар»

 

 Орыс тілі пәнінен қалалық семинар

2012 жылдың 30 қаңтарында С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық семинар өтті.Тақырыбы: «Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнін оқыту және сабақтан тыс жұмыстар». Семинар 2 бөлімнен құралған . Бірінші бөлімде  9А сыныбында орыс тілі пәнінен «Сложноподчинённые предложения с придаточными определительными и изъяснительными» тақырыбына бекіту сабағы өтті.Сабақты өткізген орыс тілі пәнінің мұғалімі Ағыбаева Т.Б. Сабақтың мақсаты: өткен тақырыпты қайталау, бекіту ,білімдерін тексеру,оқушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Қонақтар оқушылардың білімдері терең екендігін, ұстаз бен оқушылар арасындағы түсіністік қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

Екінші бөлімде орыс тілі пәнінің мұғалімдері Шарипова Г.Б. мен Сатанова Ш.М. дайындауымен өткен әдеби салон және орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсембаева Л.Т. дайындаған методикалық вернисаж болды.

«Берегите нас, поэтов, берегите» атты әдеби салон Булат Окуджавоның шығармашылығына арналған. Әдеби салонның негізгі мақсаты: оқушыларды Б.Окуджавоның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, поэзияға қызығушылықтарын ояту, шығармашылық қасиеттерін дамыту.Әдеби салонға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар  20 ғасырдың 60-70 жылдардағы киім үлгісінде киініп, сол уақыттың тынысын көрермендерге жеткізе алды. Қонақтар әйгілі кинофильмдерден алынған оқушылардың орындауындағы әндер мен романстарды тамашалады.Ақын Б.Окуджаваның  оқушылар айтқан әндеріне әндеріне келген қонақтар қосылып ән салды .Кеш көңілді өтті.Сонымен қатар қонақтар оқушылардың мәнерлеп оқуларының жоғары дірежеде екендігін,  әдеби салонды дайындаған мұғалімдердің нағыз маман екенін атап айтты.

Семинар соңында мектеп директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Сатанова Ш.М. мұғалімдердің портфолиоларымен, авторлық жұмыстарымен таныстырды.

Дата: 13.02.2012, 9:37 Автор: №7 МГ