Кітапхана – рухани тәрбие көзі
Қазақстан әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылуға барлық сала бойынша күш жұмсап отыр. Еліміздің дамуына мектептер де өз үлестерін қосуда. Соңғы бірнеше жылда Білім және Ғылым министрлігі мектеп оқушыларының ғылыми жобамен айнаысуына қолдау білдіріп келеді.
Осыған байланысты мектебімізде оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. Мектебімізде ғылыми-әдістемелік кеңес құрылып, оған барлық секциялардың жетекшілері белсене ат салысады. Оқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде мектеп кітапханасынан өздеріне керекті материалдарды ала алады. Мысалы: ғылыми газет-журналдардан,интернет жүйесінен,мұрағат деректері, фото- суреттер,аудио бейне материалдар, диаграмма, оқулықтар мен әдебиеттерді пайдаланады.Мектебімізде өткен жылдан бастап 12 жас маман жұмыс жасайды. Соларға әдістемелік көмек ретінде ғылыми ақпараттық құралдарды жиі ұсынамыз. Таяуда ғана өткен жас мамандар форумында жаңа республикалық деңгейде шығып жатқан әдістемелік құралдармен баспа беттеріндегі жаңалықтармен таныстырып өттік.
Ғылыми жұмыс оқушы үшін қызықты әрекетке айналуы үшін кітапханаға жаңадан келіп түскен журнал, ғылыми әдебиеттермен уақтылы шолулар өткізіліп, слайд фильмдер көрсетіліп, шаралар өтіп отырады.
Дата: 7.02.2012, 10:40 Автор: №7 МГ