2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны»
![2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны»](/media/img/journal/621deca40ad6a.jpeg)
2022 жылдың 28 ақпан күні «Сарыарқа дарыны» ғылыми-практикалық орталығы және мамандандырылған Нығмет Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Оқу-ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, тәлімгер, ұстаз Ләззат Бәйішқызын еске алу, сондай-ақ Қарағанды облысының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында қазақ тілі мен әдебиетінен Ләззат Бәйішқызы атындағы облыстық олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыс бойынша 9-11 сынып оқушыларынан 118 оқушы қатысты. Олимпиада 2 айналымнан өтті.
1-айналым жазбаша эссе
2-айналым ауызша
Олимпиадаға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Нұрланбекова Айдана қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Дәстүрлі түрде өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.
Жетекшісі: Тлеубекова Мөлдір Манатбекқызы.
Жеңіс құтты болсын! Сәттілік тілейміз!
![](https://b.radikal.ru/b31/2203/9f/242de14d2580.jpg)
![](https://a.radikal.ru/a27/2203/83/2d0da98fe1c8.jpg)
![](https://a.radikal.ru/a27/2203/83/2d0da98fe1c8.jpg)
![](https://d.radikal.ru/d36/2203/fe/e3af2ab25f79.jpg)
Дата: 1.03.2022, 15:52 Автор: №7 МГ