Размер шрифта:

25 Қаңтар күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар аралығында «Жол белгілері» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатта жалпы жол белгілері туралы толық ақпарат түсіндірілді. Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның

25 Қаңтар күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар аралығында «Жол белгілері» атты танымдық сағат өткізілді.
Танымдық сағатта жалпы жол  белгілері туралы толық ақпарат түсіндірілді. Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Балалар сабаққа қызығушылықтарын танытып, жолда жүру белгілері оқып-үйренуде өзіндік дағдылары қалыптасып және шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетіп, жолда жүру ережелерін, белгілерін жақсы меңгеріп, жолдан қалай өту керектігі жөнінде өз ойларын, ыстық ықыластарын көрсете білді. Танымдық сағат өз мәнінде тартымды өтті.
Дата: 28.01.2022, 9:19 Автор: №7 МГ