26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы мен Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім сапасы: идеядан іске асыру
26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы мен Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім сапасы: идеядан іске асыруға дейін. Көшбасшылар тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның пленарлық отырысында мектеп директоры, Балқаш қалалық педагогтар қауымдастығының төрайымы Манатаева Г.М. «Оқыту тиімділігін арттыру» тақырыбында баяндама жасап, білім сапасына қол жеткізудің шарттары мен оларды жүзеге асыру жолдарын ұсынды.
Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша идеялар мен шығармашылық бастамаларды іздеу, алмасу үшін пікірталас кеңістігін ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған конференцияға мектебіміздің педагог-зерттеушілері мен педагог-сарапшылары өздерінің мақалаларын ұсынып, бастауыш сынып мұғалімдері Жақсыбай Г.Ж., Исабаева А.Т., орыс тілі пәні мұғалімдері Шарипова Г.Б., Смаилова А.С., тарих пәнінің мұғалімі Карина А.Б. оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін негізгі технологиялармен, әдістермен және білім сапасының жоғары нәтижелеріне қол жеткізу үшін пайдаланатын платформаларды көрсете отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Пікірталас алаңында өз тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдердің жұмыстарына жоғары баға берілді.
Дата: 1.04.2021, 16:34 Автор: №7 МГ