Размер шрифта:

Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына ПІКІР

Президент Қ.К.Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауына  ПІКІР
Президент Қ.К.Тоқаевтың  Қазақстан халқына
Жолдауына 
ПІКІР
 
      Президентіміздің бүгінгі Білім күнімен тұспа-тұс сәйкес келген  жолдауы еліміздің ынтымағы мен бірлігін көрсетіп,  бүгінгі таңда бастау алған идеяларды жүзеге асырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын халық игілігіне тиімді қадам болмақ. Жолдауда айтылған білім беру сапасын арттыру жайындағы мәселелер  әрбір қазақстандықтың ертеңіне деген сенімін нығайтады деген ойдамыз.  Жолдауда бірқатар басымдықтар бар: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеу және олардың үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге баруға мүмкіндік беру; білім сапасын арттыру; оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету; мұғалімдердің жалақысын көтеру сияқты мәселелер мұғалімдерге үлкен серпін берді. Әсіресе, ұлттың ілгерілеуі үшін ғылым саласының сапасын көтеру ғылымға қадам басқан әр баланың ертеңіне сеп болар шешім болмақ. Еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған бұл шешімдер әрбір білім мен ғылым саласындағы  арттырудағы нақты қадамдар болмақ.
      Үміт пен сенім артқан бұл жолдау  Ұлы даладан бастау алатын рухани жаңғыру жолындағы елімізді  игілікті істерге бастап, білім мен ғылым жолындағы жарқын болашағымызға  жаңа серпін береді деген сенімдеміз. 
 
 
 
 
 
               «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
Дата: 1.09.2020, 16:14 Автор: №7 МГ