Размер шрифта:

19 тамыз күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктерін таныстыру мақсатында «2020 - 2021 оқу жылында оқу п

19 тамыз күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ коронавирустық инфекцияның таралуына жол  бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктерін таныстыру мақсатында  «2020 - 2021 оқу жылында оқу п

19 тамыз күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктерін таныстыру мақсатында «2020 - 2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде педагогикалық кеңес өтті. Мектеп-гимназия директоры Манатаева Гулзада Мукатаева қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп-гимназияның оқыту форматы санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын, қашықтықтан оқытуға байланысты оқыту форматын және оның функционалдық ерекшеліктерін, қашықтан оқыту процесінің синхронды және асинхронды форматтарда болатынын және сол бойынша ұсынымдармен, педагог қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезіндегі жұмыс орнының техникалық дайындығымен және қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмімен, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша «кезекші сыныптар» ұйымдастырылатынын және кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды сақтау ережелері айтылды. Сондай-ақ қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезінде мұғалімнің жұмыс орнының техникалық дайындығы, имиджі және этикетті сақтауы қадағаланатыны және оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастыру үшін мектеп мұғалімдердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін функционалдылық тұрғысынан ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім мазмұны бар СДОТ платформасын таңдап, жүзеге асырылатынынан хабардар етті. Сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2-11 сыныптарда 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілгенін таныстырды. Сондай-ақ баланы өз бетінше жұмыс істеу және оқуға ынталандырудың жолдары мен себептері айтылып, мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға қашықтықтан оқытудағы жауапкершіліктер, яғни коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектеп-гимназияда оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстырды.

Дата: 19.08.2020, 20:17 Автор: Школа-гимназия №7