Размер шрифта:

Ұлы даланың даналары – рухани әлем бабалары

Ұлы даланың даналары – рухани әлем бабалары

2020 жыл атаулы даталарға толы. Соның ішінде күллі түркі жұртының мақтанышы, "Әлемнің екінші ұстазы" атанған  ұлы тұлға, энциклопедияшы ғалым, философ, ақын, ұлы ойшыл - Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы жәнеғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

2020 жылы қаңтар айының 16-сы күні аталған ұлы ғұламалардың мерейтойларына орай 9А сыныбы мен 9Г сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  кітапханада «Ұлы даланың даналары – рухани әлем бабалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Тарих пәнінің мұғалімі А.Карина Әбу Насыр Әл-Фарабидің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Батталова Абай Құнанбайұлынының өмірі, еңбек жолдары туралы  түсінік беріп, жан-жақты ерекше тұлға болғанын айтып өтті.

Іс шара барысында  оқушылар өздерінің алдын ала дайындап әкелген жұмыстарын қорғай отырып, 9Г сынып оқушылары  ғалым әл-Фарабидің еңбектерін,  айтқан нақыл сөздерін ортаға салса, 9 А сынып оқушылары ақын, ағартушы ұлы Абайдың өмірі, еңбектерін, қара сөздерімен бөлісті.

Шара соңында кітапханашы Р.Каукербекова «Әбу Насыр Әл-Фараби – даналық діңгегі», «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты кітап көрмесіне шолу жасап, ұлы тұлғалардың баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.

Бұл іс-шаралар жоспарлы түрде әлі де жалғасын табады.

Дата: 21.01.2020, 15:01 Автор: Школа-гимназия №7