Размер шрифта:

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы –елдің тірегі» тақырыбында мектебімізде салтанатты жиынмен тәрбие сағаттары өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Елміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

Дата: 30.11.2019, 7:55 Автор: Школа-гимназия №7