Размер шрифта:

хаттама №1

«С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ

ҚК комиссиясы отырысының хаттамасының көшірмесі

 

«С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназияс»КММ 27 тамыз күні

2019 жылы Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы  болды.

Қамқоршылық кеңеске әкімшіліктен 9,  Қамқоршылық кеңес мүшелерінен-9

 Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын сайлау.

2.Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі, мектеп директоры /Г. М. Манатаева/

 

Күн  тәртібіндегі бірінші мәселебойынша, қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы сайланды.

1.Көшербаев Абу-Махмут Насирович – төраға.

 2.Акубаева Шолпан Амангельдиновна – Казахмыс Мэйкер- «Балхаш»- РМСУ –участок №3

 3.Мажманова Зере Нілтайқызы - бухгалтер, /жеке кәсіпкер/

 4.Мусаханова Кұндыз Тлеукасымовна- 53898 әскери бөлімі /сержант мобилизационной службы штаба/

 5.Байгожаев Бакытжан Танатович- 53898 әскери бөлімі /техник самолета/

 6.Исабаева Шолпан Темирхановна – ТОО «Ломбард и Я» /эксперт /

 7.Жашенова Гүлим Омиргановна –«Алпамыс» бала бақшасы /тәрбиеші көмекшісі/

 8.Қалымбетов Нұрдос Маратов –әскери бөлімде аға басшы

 9.Қаскүренов Қуат- мүшесі

Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша бір ауыздан келісіліп бұрынғы төрағасы өз орнында қалдырылды. Құрамы 5 адаммен жаңартылып, сайланды.

Күн  тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  мектеп  басшысы Г.М.Манатаева  Мектеп  өмірімен  таныстырды. Биылғы оқу жылында мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мектеп оқу процесіне дайын екендігін айтты.Сонымен қатар болашақта жоспарға қойылған жұмыстармен таныстырып өтті.Мектеп  ауласындағы  бақтарды  кеңейту, спорт  алаңын  жөндеуден  өткізу, көгалдандыру  жұмыстарын  жандандыру секілді  болашаққа  жоспарланып  отырған  жұмыстармен  таныстырды.Қамқоршылық  кеңестің  төрағасы  Көшербаев Махмут барлық  құрам  мүшелеріне  және  мектеп әкімшілігіне  белсенділік  танытқаны үшін рахмет  айтады.  Мектептің   қамқоршылық кеңесі  алдын ала жоспарланған жұмыстармен  таныстырып өтті. Онда  мектепте өткен  «Мектепке жол», «Қамқорлық»  акциялары барысында әлеуметтік  көмек  көрсетілген  туралы ақпар берілді. Жазғы маусымда мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы оқушылары мектеп жанынан ашылған «Алау» сауықтыру лагеріне тартылғанын, сонымен қатар қала сыртындағы «Жасқанат» демалыс лагеріне қатысып келгенін айтып өтті.  Сонымен қатар қала сыртындағы сауықтыру орталығында ұйымдастырылған «Балдаурен» лагеріне былтырғы оқу жылынды 5 оқушы тартылса, биылғы оқу жылында 5-9 сыныптар арасында 8 оқушы тамыз айының 24-і күні жіберілгені туралы да айтып өтті. Мектепішілік  жұмыстардың  орындалысын,қалалық, облыстық  іс-шараларға  қатыстарын  бақылау-басшылыққа  алу  қарастырылды. Алдағы  жоспарлы  жұмыстардың  орындалуына  сәттілік  тіледі.

 

Шешім:

1.Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамының жұмысы жандандырылсын.

2. Алдыға қойылған жоспарлардың орындалуы қадағалансын.

3. Бұл шешімдердің орындалысын тәрбие ісінің меңгерушілеріне міндеттелсін.

 

 

 

Мектеп директоры            Г.М.Манатаева

Дата: 5.11.2019, 17:05 Автор: Школа-гимназия №7