«Ізденіс» жас мамандар мектебі
«Балқаш қаласы, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де 2018-2019 оқу жылы 11 жас маманмен педагогикалық ұжым толықтырылып, «Ізденіс» жас мамандар мектебі құрылды. Мақсаты: Қазіргі заманғы реформалау жағдайында ұлттық білім беру жүйесі ерекшелігі және жас педагогтың барынша қысқа мерзімде бейімделуі, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім алушыларға қызмет жасауы. Жас мамандарды жаңартылған білім беру мазмұнында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан- жақты дамыту.
Міндеттері: Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің лабораториясын жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұжым арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру,
коучинг, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел арқылы жас мамандардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, оқу- тәрбие жүйесінде шығармашылық ізденістер мен зерттеу жұмыстарына жағдай жасау.
Тәлімгерлер мен мектеп координаторы Тлеубекова М.М. бастаған топ жүргізген кеңестер мен әңгімелер, практикалық семинарлар, ҚМЖ жоспарлау , сабақ өткізуге көмек көрсетілді. Жас мамандарға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу кәсіби шеберлігін арттыруда көмек көрсетілді. Сәуір айында осы оқу жылы бойы жүргізген жұмыстарының есебі ретінде жас мамандар апталығы ұйымдастырылып, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, кәсіби даму деңгейлерімен бөлісті.
Дата: 29.04.2019, 14:27 Автор: №7 МГ