Қалалық «RoboLand 2018» фестивалі
2018 жылдың қаңтар айының 30 күні ІV Халықаралық робототехника фестивалі аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен І қалалық «RoboLand 2018» фестивалі өткізілді. І қалалық «ROBOLAND 2018» фестивалі оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, инженерлік дағдыларды қалыптастыру, білім беру робототехникасы мен бағдарламалауды жариялау, білім беру робототехникасы, бағдарламалау және жаңашыл технологиялар аясындағы озық тәжірибелермен алмасу, мықты командаларды анықтау мақсатында өтті.Қала бойынша аталмыш фестивальға барлығы 8 мектеп арасынан 18 команда қатысты. Фестиваль 4 кезеңнен ұйымдастырылды. Олар: «Бастаушыларға арналған кегельринг», «Механикалық сумо», «Линиямен жүру» және жеке шығармашылық жұмыс. Әр кезең белгілі регламентпен өтті. Командалар фестивальдің белгіленген ережелеріне сай, үлкен дайындықпен, мол сеніммен келді. Фестиваль бастамасында кезекті дайындық шаралары жүргізілді. Дайындық үстінде оқушылардың роботқа деген қызығушылықтары байқалды. Фестиваль өте қарқынды түрде басталып, әркім өз күшімен, өз санасымен сынасуға бел буды. Мектеп – гимназиямыздың 2 оқушысы қатысты 9 «Б» сынып оқушысы Слямханов Диас , 8 «А» сынып оқушысы Сәтжан Сұлтан. Фестиваль қорытындысының нәтижесінде «Шығармашылық жұмыс» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дата: 2.02.2018, 18:59 Автор: №7 МГ