«Болашақ инженерлер» жобасы «Үшөлшемді компьютерлік модельдеу» қалалық сайысы
2018 жылдың 5 - ші қаңтар күні «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық «Болашақ инженерлер» жобасы аясында «Үшөлшемді компьютерлік модельдеу» бойынша қалалық сайысы өтті. Сайысқа жобадағы Абай атындағы №2 лицей, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы , №15 мектеп-лицей және №17 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Сайыс оқушылардың инженерлік, үшөлшемді модельдеуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтті. Сайыстың негізгі міндеті автоматталған жобалау жүйесін үйрену деңгейін арттыру, дарынды оқушыларды анықтау болды. Сайысқа барлығы 13 оқушы қатысып, сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз болған оқушылар: І - орын: Бейсекей Абир - 8Г сынып оқушысы, №15 мектеп - лицей; ІІ - орын: Слямханов Диас - 9Б сынып оқушысы, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясы; ІІІ - орын: Мықтыбеков Ердос - 7А сынып оқушысы, Абай атындағы №2 лицей. Орын алған оқушылар наурыз айында өтетін облыстық сайысқа жолдама алды. Қалған оқушылар сертификаттармен мараппатталды. Оқушыларға PTC Creo Parametric бағдарламасы жұмыс жасау өте қызықты болды. Бұл бағдарламада әр-түрлі тапсырмалар берілді, берілген уақыт аралығында оқушылар өз жұмыстарын жасады. Сайысқа келген оқушылардың қызығушылықтары артты.
Дата: 6.01.2018, 13:20 Автор: №7 МГ