Жаңалықтар

Ашық сабақ

Дәреже: Ашық сабақтар
Дата: 2018-03-07 09:49:53
Ашық сабақ
Эстетика кафедрасының апталық аясында сызу пәнінен 9 «А» сыныбында «Құрастыру сызбасы туралы жалпы мағлұмат. Бұйымдардың құрастырмалы сызбасы. Сипаттамалық құжат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ БЛУМ таксонамиясының жүйесімен оқушылардың ойлау дағдысын жетілдіру бойынша өтті. Сабақта көптеген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды.

«Болашағым–өнер, білім өркенім»

Дәреже: Апталықтар
Дата: 2018-03-07 09:43:18
«Болашағым–өнер, білім өркенім»
05.03 – 15.03 күндері аралығында «Эстетика» пәндер бірлестігінің он күндігі басталды. Жоспары бекітіліп, «Болашағым–өнер, білім өркенім» атты ақпараттық-танымдық стенд жасалды.

«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат

Дәреже: Қауіпсіз мектеп
Дата: 2018-03-06 10:29:17
«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат
Ақпаратты саралап, тиімді қолдана білу, сонымен қатар ғаламторды дұрыс пайдалану, пайдасы мен зияны жайлы жан-жақты талдап, оқушыларымызға түсіндіру мақсатында 8 А сынып оқушыларына кітапханашының ұйымдастыруымен «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Еліміздегі ғаламтор пайдаланушыларының статистикалық мәліметтерінен бейнебаян көрсетіліп, оқушылардан алынған сауалнаман...

"Салауатты отбасы" сайысы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-03-05 10:03:43
Наурыз айының 03 күні «Абай атындағы №2 лицей» КММ-де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында бастауыш сынып мұғалімі Ордабекова Н.Г. және дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатиев М.А, Молдажанова Т., Ахметов З., Байсакалов С.У. ұйымдасты...

Облыстық «Геоград» жобасы аясында өткен іс шара

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-03-03 11:55:02
 Облыстық «Геоград» жобасы аясында өткен іс шара
 02.03. күні  «Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ -де 3 сыныптарға арналған «Физика және химия әлеміне саяхат» атты  «Геоград» жобасының жоспарланған танымдық іс шарасы  өтті.  Іс шара мақсаты  бастауыш сынып оқушыларының  жаратылыстану-ғылыми құзыреттілік  деңгейін арттыру. Физика және химия ғылымының  зерт...

Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынған

Дәреже: Қауіпсіз мектеп
Дата: 2018-03-03 00:24:10
Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынған
Зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг, порнография.Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды.   Сіздің балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз балаңыздың байланыс жасайт...

11 сынып оқушыларына арналған жиналыс

Дәреже: ҰБТ
Дата: 2018-03-02 23:17:32
11 сынып оқушыларына арналған жиналыс
01.03.2018 ж. күні 11 сынып оқушыларымен директор жанындағы жиналыс өтті. Күн тәртібінде: 11 сынып оқушыларымен ЖОО-на түсу үшін жүргізілген тестілеу жұмыстары бойынша салыстырма және 24.02.2018ж. өткен лицейішілік тестілеу қорытындысы бойынша проблемалық талдау. Лицей директоры 11 сынып оқушыларының жыл бойы және соңғы тестілеу қорытындысы бойынша проблемалық талдау жасай отырып, межелік ұпай,...

Лицейдегі "Халықаралық Азаматтық Қорғаныс күніне" арналған іс-шара

Дәреже: Ата-аналар, Сіздер үшін
Дата: 2018-03-02 22:11:34
Лицейдегі
           2017-2018 оқу жылына арналған Балқаш қаласы мекемелерінде азаматтық қорғау саласындағы оқу және жаттығулар өткізу туралы жоспарына байланысты, «Өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде (хлор төгілген кездегі)  оқушылардың,  тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша «Балқаш қаласы Абай атын...

«Шын жүректен алғыс айтамын» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс- шара туралы ақпар

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-03-01 23:33:18
 «Шын  жүректен   алғыс   айтамын»  атты    Алғыс  айту   күніне    арналған   мерекелік іс- шара туралы ақпар
   Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Лицей  ұжымы  осы  мерекелік   күнге   ерекше  дайындықпен   қатысты.  Әтүрлі   форма...

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» бағыты бойынша өткен «Мектеп күні 2018» туралы ақпарат

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-02-20 13:21:37
«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» бағыты бойынша өткен «Мектеп күні 2018» туралы ақпарат
Лицейімізде ақпанның 19 жұлдызында мектеп күні өтті. Мектеп күні бағдарламасы 3 бөлімді қамтыды. І бөлімде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқулық беттерінен тыс мұражайда өлкетану бағытындағы авторлық бағдарламалар, презентациялар ұсынылды. 2-4 сыныпқа арналған «Шежірелі өлкем», «Өлкетану» оқу әдістемелік  кешендер жинағын бастауыш сынып...

Облыстық жобалар аясында

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-02-06 08:57:23
Облыстық жобалар аясында
 31.01.2018 ж.күні  облыстық физика мұғалімдерінің «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында қалалық «Физика және лирика» тақырыбында өткен   мәнерлеп оқу сайысында,  ұлы Абай өлеңдеріндегі физика ғылымының сырын жырлаған  лицейдің 7В сынып оқушысы  Махмедова  Нұрайлым   жүлделі  ІІІ орынды жеңіпалды.  «Жа...

V халықаралық шығармашылық» байқау фестивалі

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2018-01-23 18:59:34
3-6 қаңтар аралығында Астана қаласында өткен «Балалар, жастар және ересектерге арналған «Феерия» V халықаралық шығармашылық» байқау фестиваліне, Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің 5 «А» сынып оқушысы Малыбаева Әнел қатысып, скрипка аспабында әр түрлі жанр түрлерін ойнап, бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Скрипка. Дуэт» бойынша...

бiрiншiсi 1 67 68 69 70 71 соңғысы