«Наурыз мейрамы»
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22 күні күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиіп, жер бетінде жаңару, табиғи өзгерістер болатын кез. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні!» деп атаған.
Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрімізді дәріптеу, Наурыз мейрамының мәнін әрі табиғат пен адамның байланысын түсіндіру, оқушыларымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында лицейімізде де 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен бірнеше шаралар өткізілді. Наурыз мейрамын оқушыларымызға дәріптеу барысында лицей фойесінде ұлттық қолөнер туындылары мен ақпараттар жинақталған көрме қойылып, спорт залда мереке нақышын айшықтайтын безендіру шаралары жүргізілді. Әр сынып жеке мерекелік бағдарламаларымен өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сыныптар «Наурыз - жыл басы» десе, орта буын оқушылары «Армысың, Әз-Наурыз», жоғары сыныптар «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты мерекелік іс-шаралардың аясында өткеніміз қайта жаңғырып, оқушыларымызға Наурыз мейрамының маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, зерделенді. Оқушыларымыз рухани кемелденіп, рухани жаңғыру аясында салт-дәстүрлеріміз дәріптелді.