«Ертегілер еліне саяхат» атты өткізілген шара бойынша ақпарат

«Ертегілер еліне саяхат» атты өткізілген шара бойынша ақпарат

«Бір аймақ - бір кітап» облыстық акциясы аясында «Ертегілер еліне саяхат» атты 2-4 сыныптар арасында іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар «Қожанасырдың олжасы», «Қаңбақ шал», «Алдар мен бай» ертегілерінен көрініс көрсетіп, сиқырлы кітап тапсырмаларын орындау арқылы «Ертегі ханшайымымен» бірге ертегілер әлеміне саяхат жасады. Қойылымға қатыса отырып, оқушылар өздерінің қойылымнан алған әсерімен бөлісті. Сонымен қоса, «Қарлығаштың құйырығы неге айыр?», «Ер Төстік батыр» ертегілерінен бейнебаян көрсетілді. Арнайы дайындалған тапсырмаларды орындап, ертегі жайлы түсініктерін ортаға салды. Оқушының сөздік қорын, тілін байытып, қиялына қанат бітірген бұл тапсырма балаларға өте ұнады. «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара оқушыларды рухани білімге, кітап оқуға деген құштарлығын арттыра түскені сөзсіз.

Дата: 6.04.2018, 9:11 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі