Размер шрифта:

«Бір аймақ - бір кітап» республикалық акциясы

«Бір аймақ - бір кітап» республикалық акциясы

Биыл екінші жыл жүзеге асырылып отырған «Бір аймақ - бір кітап» республикалық акциясы аясында 5-7 сыныптар бойынша Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесін оқуға ұсынылған еді. Повесті талқылап, таным-түсініктерін зерделеу мақсатында 7 сыныптарға «Халық қаһарманы - Қасым Қайсенов» аттытанымдық сағат өткізілді.

Танымдық сағат барысында Қазақстан қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры туралы толық мағлұмат берілді. Қасым Қайсеновтың өз даусымен жазылған бейнебаян көрсетілді. Оқушылардың тілін, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту мақсатында Отан, ержүректік, батырлық, Туған жер тақырыбында мақал-мәтелдер айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушыларды елін сүюге, құрметті азаматтарды білуге, қастерлеуге тәрбиелеу негізінде кітап көрмесі қойылып, акция аясында стенд жасақталды. 

Орындаған: Х.Булганбай, кітапханашы

Дата: 30.03.2018, 9:46 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі