News

"Электронды темекінің зияны"

Category: Educational process
Date: 2023-02-09 13:52:34
3.02.2023ж Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен құқықтық сауаттылық апталығы аясында "Электронды темекінің зияны" тақырыбында ұйымдастырылған вебинарға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз денсаулықтарына зиянын тигізетін әдеттер мен әрекеттер туралы кеңестер алды.

"Жолда абай болайық!"

Category: Educational process
Date: 2023-02-09 13:40:13
2 сыныптарда "Жолда абай болайық!" Тақырыбы аясында сынып сағаты өтті. Ондағы мақсат оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Оқушылар сабақ барысында түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,өз ойларын ортаға салып алған білімдерін өмірмен байланыстыра білді.

"Оқушылар өміріне қауіп келтіретiн ойындар"

Category: NEWS
Date: 2023-02-09 11:52:52
Балқаш қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитандары Кобельдесова С.Т. мен Аян Алтайұлы бiрлесiп "Оқушылар өміріне қауіп келтіретiн ойындар" 8-10 сыныптар арасында дәріс жүргізді. 

"Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті.

Category: NEWS
Date: 2023-02-09 11:46:11
2.02.2023ж "Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті. "Парасат" аналар кеңесінің болашақтағы жоспарлары мен өткізілетін іс-шаралары талқыланды. Балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы, қыз балалардың тәрбиесі сынды мәселелерде Аналар кеңесі рөлінің маңыздылығы туралы пікірлер айтылды. Мен үш нәрседен қорқ...

"Құқық бұзушылықтың алдын алу" туралы Заң

Category: Educational process
Date: 2023-02-09 11:32:49
Балқаш қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Аян Алтайұлы "Неке және Отбасы Заң", "Құқық бұзушылықтың алдын алу" туралы Заң, Қала көшелерінде дұрыс жүру, тәртіп және әдепті ұстау туралы құқықтық дәрістер жүргізді.

"Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті" құқықтық сағат

Category: NEWS
Date: 2023-02-09 11:20:45
31.01.2023 ж Балқаш қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Аян Алтайұлы 7 сыныптар арасында "Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті" құқықтық сағат өткізді.

"Тілдік пәндерден оқылым дағдыларын қалыптастыру жолдары"

Category: NEWS
Date: 2023-02-09 11:09:57
ҚОББД оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері: Сатыбалдина Г.Х,Кушелекова М.К Lesson Study зерттеу тәсілі бойынша "Тілдік пәндерден оқылым дағдыларын қалыптастыру жолдары" тақырыбында өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті

"Ойшылдар мен ақылдылар" атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Category: NEWS
Date: 2023-02-09 11:05:20
Математика апталығы аясында 3 сыныптар арасында,, Ойшылдар мен ақылдылар" атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Танымдық ойынға оқушылар белсене ат салысты 

«Әлихантану» жобасы аясында 2 сынып оқушыларының арасында Даналық бейсенбісі өтті.

Category: NEWS
Date: 2023-02-07 16:22:23
«Әлихантану» жобасы аясында 2 сынып оқушыларының арасында Даналық бейсенбісі өтті.
02.02.2023ж «Әлихантану» жобасы аясында 2 сынып оқушыларының арасында Даналық бейсенбісі өтті. Оқушылар Әлихан атамыздың жаттағын нақыл сөздерін айта отырып, ірі тұлғаның жеткен биіктігін, шеберлігін, ерекшелігін танытты.

“Математика балалардың көзімен” суреттер көрмесі өтті

Category: NEWS
Date: 2023-02-02 10:15:22
“Математика балалардың көзімен” суреттер көрмесі өтті
27.01.2023ж “Математика біздің айналамызда!” математикалық сауаттылық апталығы аясында 2 сыныптар арасында “Математика балалардың көзімен” суреттер көрмесі өтті

"Ұлағат" әкелер кеңесі мүшелерінің қатысуымен интеллектуалды ойын болып өтті.

Category: Educational process
Date: 2023-02-01 12:41:59
Әке тәрбиесі ең үлкен мектеп  " Мен сенің өміріңнің жалғасымын..." тақырыбында "Ұлағат" әкелер кеңесі мүшелерінің қатысуымен интеллектуалды ойын болып өтті. Іс- шарада қатысушы жұптар(әке мен бала),  "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"  "Мен оқыған кітаптар"  "Білімді  ұландар"  "Мен әкемін" бөлімдері...

"Ой мен ойын" атты сайыс ұйымдастырылды.

Category: NEWS
Date: 2023-02-01 12:31:04
"Математика біздің айналамызда" атты апталық аясында 6а,б сыныптары арасында "Ой мен ойын" атты сайыс ұйымдастырылды.  І кезеңде "Артық сөзді тап" математикалық терминдермен жұмыс                                           ІІ кезеңде "Ойлан тап &qu...

First 1 14 15 16 17 18 302 Last