"Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті.

2.02.2023ж
"Ананың көңілі балада..." тақырыбында мектеп-лицейдің "Парасат" аналар кеңесінің отырысы болып өтті.
"Парасат" аналар кеңесінің болашақтағы жоспарлары мен өткізілетін іс-шаралары талқыланды.
Балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы, қыз балалардың тәрбиесі сынды мәселелерде Аналар кеңесі рөлінің маңыздылығы туралы пікірлер айтылды.
Мен үш нәрседен қорқамын:
«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деп Б.Момышұлы айтқандай бала тәрбиесі қашанда, қай кезеңде болмасын күн тәртібіндегі негізгі мәселе.