Размер шрифта:

"Назқоңыр" кобызшылар ансамбілі

«Назқоңыр» қобызшылар ансамбілі.

Мектебімізде «Назқоңыр» кобызшылар ансамбілі 2013 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Оған жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылады. Топтық жұмыс оқушылар арасында жаксы карым-қатынастың қалыптасуына, ұжымдық шығармашылық тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Шығармаларды сәтті тандап алу оқушалырдың қызығып жұмыс жасауына әсер етеді.

Ансамбль бағдарламасында қазақ, орыс, украин, халық  әндері, Қорқыт, Ықылас, А. Жұбанов шығармалары бар. Ансамбілге музыкалық шығармаларды өндеуде мектебіміздің аға ұстазы Ж.Р. Нәдірбековтың еңбегі мол. Оның өндеген халық әндері: «Екі жирен», «Ғайни», «Ақ баян», «Қызыл бидай» шығармаларын оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Ансамбль қалалық, мектеп ішілік іс-шараларға қатыстырылып отырады.

«Назқоңыр» қобызшылар ансамбілінің  бағдарламасы:

1. Қорқыт «Башпай»

2. Ықылас «Ерден»

3. Баубек. «Сарын»

4. Г. Носова. «Далеко-далеко»

5. Украин халық әні «Ой, ти дивчина»

6. А. Жұбанов. «Көктем»

7. Халық әні «Ғайни»

8. Халық әні « Екі жирен»

9. Халық әні « Ақ баян»

10. Ә. Бейсеуов. «Туған жер»