Мектеп кітапханасы

 

Жұмағалиқызы Кәмшат Кітапхана меңгерушісі

        Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.Осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана болып саналады. Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеңе демеу беріп , адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ұлы Абайдың :

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл, терең білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге, - деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады.

           Кітапханашы мамандығы өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі, күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет - журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар легі тағы басқалар. Осылай жұмыс күні жалғасып жатады. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен мектеп оқушысының бірлескен іс - әркекті жалғасады. Оқушыға қызмет көрсету арқылы өзі де жан-жақты дамыған маман ретінде өсуге мүмкіндік туады. Кітапханашылар өзі оқып-білген жаңалықтың бәрін оқушыға сол қалпында жеткізуші міндетін атқарады.

             Қазір жаңалықтар легі толассыз өсе түсуде. Сондықтан да кітапханаға тек жаңа келген оқушыға ғана емес, үлкен адамға да қиынға түсері сөзсіз. Мектепте берілген қосымша тапсырманы, болмаса, болмаса белгілі бір тақырыпқа реферет жазуда, егер ол оқушы өте сауатты , тиянақты болса, онда оған тақырыпты тауып алу қиынға түспейді. Бүгінгі таңда не оқимын деген сұрақ тек оқушыны ғана емес, сонымен бірге ең алдымен ата-аналар және мұғалімдерді де толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Жас ұрпақты жан-жақты келіспеушілікпен тәрбиелеуге немқұрайлыі қарауға болмайды. Оқушының нағыз көмекшісі, ақылшысы болу үшін кітапханашы өзі жан-жақты, білімді болу керек. Қазіргі кезде біздің оқушыларымызға емін-еркін білімін жетілдіріп, өз бетімен өсіп -өркендеуге кеңінен құқық берілген. Ендеше осы құқықты пайдаланудың мемлекеттік кепілдемесі болып кітапханалар табылады.

             Біздің барлығымызға да ортақ міндет әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау .Сонымен қатар құнды кітап қорын пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен ,қылмыстан, есірткіден бойларын аулақ ұстауға үйрету.

Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер жері – кітапхана. 2021-2022 оқу жылындағы мәліметті алғанда мектебіміздің кітапханасының жалпы кітап қоры – 22687 кітап, оның ішінде оқулықтар саны қазақ тілінде 7200 дана, орыс тілінде 2670 дана, көркем әдебиет саны - қазақ тілінде 4267 дана, орыс тілінде 8550 дана, электрондық оқулық –347