Размер шрифта:

«Біз бақытты баламыз»

«Біз бақытты баламыз» атты шығармашылық кешпен №24 мектеп-интернатының «Балауса» жазғы алаңының жабылу салтанаты өтті. 20 күн оқушылар шығармашылық қабілеттеін көрсетті, әр түрлі зияткерік сайыстарға, викториналарға қатысып өздерінің тілдер білімдерін, біліктіліктерін көрсетті, ой-өрісін кеңейтіп, патриоттық сезімдерін дамытты. Жазғы алаң тәрбиеленушілері әр түрлі ғылымда өздерінің дарындылықтарын көрсетті. Әр түрлі қызықты іс-шаралар арқылы оқушыларда халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен дәріптеуге,өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін артыруға, спортпен шұғылдану физикалық күш-жігерді нығайтты. Осындай лагерь оқушылардың бойында ұжым алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады, сынып ішіндегі жақсы микроклиматтың құрылуына ықпал етеді. Сонымен қатар әр бір топ алғыс хатқа ие болды. Ал лагерде кезеңінде өздерін белсенділіктерін танытқан оқушылар мақтау қағазымен  марапатталды. Балалар бірін-бірі қимастықпен қоштасты.