«Менің сүйікті мультфильмдерім»
Бүгінгі "Балауса" алаңының кезекті күні әдеттегіндей қызықты өтті.
Жазғы алаң өз жұмысын әдеттегіндей балаларды сергітіп, таңғы жаттығуларды жасаудан басталды. Келесі кезекте жоспар бойынша «Менің сүйікті мультфильмдерім» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада ең алдымен ең сүйікті мультфильмдері туралы ойларын бөлісті. Балалар мульфильмдегі кейіпкерлерді сомдап, бір-бірін күлкіге кенелтті. Содан кейін қазақ халқының ертегілер желісімен түсірілген мульфильмдерді тамашалады. Іс - шараның соңы «Мен бастайын, сен аяқта» ойыны арқылы, яғни балалардың бірі ертегіні бастап, келесісі өз ойынан ертегі құрастырып аяқтады. Бұл балаларға өте қызықты болды. Барлық бала бар ынтасымен қатысты.