«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»

Бүгінгі "Балауса" алаңының кезекті күні әдеттегіндей қызықты өтті. 

Жазғы алаң өз жұмысын әдеттегіндей балаларды сергітіп, таңғы жаттығуларды жасаудан басталды

Жоспарға сай, 26 маусым - дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты іс – шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайларға – нашақорлықпен айналысып, өзін - өзі айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге шақырамын. Нашақорлықтың СПИД – ауруын жұқтырудың бірден – бір жолы екенін, СПИД ауруының кеселді жақтарын, соңы өлуге дейін апартын кесел екенін жан – жақтың ойын дамыта отырып, ондай кеселдерден, дерттен аулақ болуға оның орнына, салауатты өмір салтын құруға баулу. Осы тақырыпта балалар сурет салып, сурет көрмесін ұйымдастырды.