Лагерь "Балауса"

Бүгінгі "Балауса" алаңының 12 күні әдеттегіндей қызықты өтті. 
Жазғы алаң өз жұмысын әдеттегіндей балаларды сергітіп, таңғы жаттығуларды жасаудан басталды
«Ертегілер еліне  саяхат» тақырыбында өткен іс-шарада ертегілер туралы ақпараттар тыңдалды. Балалар өздерінің ертегі туралы ойларын айтып, білетін ертегілеріндегі кейіпкерлерді сомдап, бір –бірін  күлкіге кенелтті. Содан кейін «Ертегілер елінде» атты викторина өтті. Бұл балаларға өте қызықты болды. Барлық бала бар ынтасымен қатысты.
Сонымен қатар қимылды ойындар ойнап, бойлары бір сергіп қалды.