Балауса жазғы алаңы

Бүгінгі "Балдаурен" алаңының кезекті күні қызықты өтті. 
Жазғы алаң өз жұмысын әдеттегіндей балаларды сергітіп, таңғы жаттығуларды жасаудан басталды. 
   Алаң өз жұмысын "Биле биле" би сайысымен жалғасытырып,  оқушылар әртүрлі би қозғалыстарын көрсетіп жарысты. 
Сонымен қатар,  " Бала еңбегін қанауға жол жоқ" акциясы аясында "Біз бақытты баламыз! "  тақырыбында сурет көрмесі өтіп, оқушылар суреттерін жарыса салып, салған суреттерінің мазмұнымен бөлісті. 
Мектеп психологы "Бақыт деген не?" тақырыбында тренинг өткізіп, балаларға адам өміріндегі қуанышты сәттерін,  өмірді бағалай білу керек екенін ойын арқылы түсіндіріп,  оқушылар тренингтен жақсы көңіл-күймен шықты.