Размер шрифта:

«ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы»

 

 

 

№24 орта мектебінде «ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы» тақырыбында өткен     конференция сабақтың білімділік мақсаты:   ЭКСПО Халықаралық көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру. Көрмелердегі жаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі нәтижелер мен жетістіктерін көрсету және ақпараттандыру.

 Дамытушылық:  Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете отырып,шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу.

 Тәрбиелік:2017 жылы халықаралық көрменің Астанада өтуіне мақтаныш сезімін ояту.

Төмендегі тақырыпта оқушыларға үй тапсырмасы ретінде ізденіс жұмыстары берілді. Әрбір оқушы слайдфильммен берілген тапсырма бойынша қорғап шықты.

1.    «Бүкіләлемдік көрмелер тарихы бастау алған ел — Ұлыбритания»

 2.   «Франция Республикасы.Көрмені өткізуден көшбастаушы қала — Париж».

 3.    «1873 жылы Вена.Австро-Венгриядағы халықаралық көрме тарихы »

 4.   «Бельгиядадағы халықаралық көрмелер тарихы»

 5.    «ЭКСПО — 93.Корея: «Дамудың жаңа жолын таңдау»

 6  «Испаниядағы  ЭКСПО  көрмелері»

 7.   «Германияның Ганновер қаласында өткен ЭКСПО-ның 58- ші көрмесі »

 8«АҚШ -та өткізілген халықаралық көрмелер»

 9.   «1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер тарихы»

 10.    «Австралия, 1988 жыл «Техника ғасырындағы бос уақыт»»

 11.   «Жапониядағы ЭКСПО көрмелері»

 12.   » ЭКСПО — 2010.Қытай.» Шанхай.Жақсы қала — жақсы өмір»»

 13.    «ЭКСПО- 2012.Оңтүстік Кореяда.»Жанды мұхит және жағажай».

 14.   «ЭКСПО-2017.Астана.Болашақ қуаты – Қазақстан қолында»

Сабаққа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетті,сұрақтар қойып,  өз ұсыныстарын айтты.