Размер шрифта:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 49/02 қаулысымен
бекітілді

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10981 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметтің нәтижесін шығарады.
      Нәтижесі – баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметтің нәтижесін шығарады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдері (іс-қимылдары), өзара әрекеттері реттілігінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстер анықтамалығында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау бөлімдерінен тұрады.

      8. Мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

«Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-прцесстерінің анықтамалығы