Қарағанды облысының білім басқармасы Балқаш қаласының білім бөлімі "№9 жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры

ӨМІРБАЯН
Ерубаева Риза Берікқызы 1977 жылдың 8 наурызында Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжін «Музыка пәнінің мұғалімі, балабақшаның музыка жетекшісі» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын білім беру саласында бастаған. 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Психология» мамандығы бойынша аяқтап, педагогикалық және психологиялық білімін ұштастыра отырып, білім беру саласында өзін жоғары деңгейлі маман ретінде танытты.
2003–2024 жылдар аралығында «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында» музыка пәнінің мұғалімі, аға тәлімгер, мектеп психологы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Осы жылдар ішінде ол өз ұжымының кәсіби дамуына, оқушылардың шығармашылық және тұлғалық әлеуетін ашуға зор үлес қосты.
2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Ерубаева Риза Берікқызы «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда.
Көпжылдық педагогикалық еңбек өтілі — 22 жыл. Риза Берікқызы — педагог-зерттеуші, ІІ санатты басшы. Ол кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттырып, заманауи басқару тәсілдерін меңгерген. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, медиаторларды даярлау және мектепішілік бақылау бойынша бірқатар біліктілік арттыру курстарынан өткен.
Білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері мен адал еңбегі үшін Қарағанды облысы білім басқармасының және Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ерубаева Риза Берікқызы – көшбасшылық қасиетімен, жоғары жауапкершілігімен, кәсіби біліктілігімен және жаңашыл көзқарасымен ерекшеленетін, ұжымын бір мақсатқа жұмылдыра білетін білікті басшы. Ол өз еңбегін жас ұрпақтың сапалы білім алып, ел болашағына үлес қосатын тұлға болып қалыптасуына арнаған.