"Балбөбек" шағын орталығы

 Сәкен Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы жанындағы

«Балбөбек» шағын орталығы.

      2010-2011 оқу жылынан бастап С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Балбөбек» шағын орталығында 3 топ ашылды. Нәзіктікпен сұлулықтын нышаны гүлге күн шуағы қалай қажет болса ертеніміздің иесі, болашағымыздың көркі бүгінгі өмір гүліміз – жас өскін ұрпаққа қамқорлықта сондай қажет. «Балбөбек» шағын орталығында бюджеттік салада қызмет жасайтын қызметкерлердің балалары қабылданды.

     Елбасымыз Назарбаев «Ел болашағын ұрпақ айқындайды» деген өсиетін ескере отырып, алға қойған мақсатымыз «жауапты да жігерлі, ақыл ойы жетілген, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған» ұрпақтарды тәрбиелеп шығару.

      Шағын орталық жас ерекшеліктеріне қарай мынадай 3 топқа бөлінеді. Бірінші 3 жастағы балаларға арналған «Балапан» тобы, 4 жастағы балаларға арналған «Айгөлек» тобы, 5 жастағы балаларға арналған «Балауса» тобы. Осындай жас ерекшеліктерін ескере отырып, гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың ойын, оқу және жатын бөлмелері кіріктіріле жаптықталған 4 топ бөлмелері бар 1 қабатта орналасқан. Онда 63 бала қамтылған. 1 бөлме «Асхана», қалған 3 бөлмелер топтарға арналған.

 

     Мектебіміздің 1 қабатына орналасқан аталмыш орталықтын жұмыс тәртібі 5 күнге нігізделген. Бөбектердің жатын, жуынатын бөлме, сабақ кестесі  және күн тәртібі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған. Балалар танертен 07.30-дан қабылданып, 18.00-ге дейін тәрбиеленеді.

     Шағын орталықта әдіскер, 6 тәрбиеші, психолог, медбибі, 3 тәрбиеші көмекшісі, кір жуушы қызмет атқарады. Танертенгі сағат 8.00-де жаттығулар басталып әрі қарай әр топ өз күн тәртібіне байланысты жұмыстарын жалғастырады.

    Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауда шағын орталықта әр түрлі  сауықтыру-шынықтыру шараларына, ертеңгіліктерге көп көңіл бөлінеді. Мысалы: «Күздің сыйы», «Тәуелсіздігім –тендігім», «Кел жана жыл» атты ертенгілікрі және қантар айында «Айгөлек» тобында қызықты математика сабағынан «1-ден 4-ке дейінгі сандарды қайталау» атты қалалық семинар өтті.

    Шағын орталық топтарныда ойындармен қоса қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту, орыс тілі, дене шынықтыру, музыка, қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру, бейнелеу, құрастыру сияқты сабақтары да жүргізіледі.

   Бейнелеу сабағында балалар сырт бейнені қабылдап қағаз бетіне түсіруді үйренеді. Жапсыру сабақтары баланың қол бұлшық ет жұмыстарын дамытса,  ән – күй сабақтарында халық аспаптарымен, сазгерлердің әуендерімен  танысады.

   Балалар далаға серуенге шығарылады. Бұл айналамен танысуға көп септігін тигізеді

 

        Балалықтың тәтті қиялымен бөлісіп жүрген бүлдіршіндеріміздің өсіп келе жатқан санасына жарық сәуле құюдан асқан киелі нәрсе болмас.