Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын

Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр [1]. Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы – ол орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар ел. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу бұйырған. Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы жастарға ерекше рөл берілетін іс-қимылдардың нақты жобасын ұсынған болатын. Толығырақ төмендегі сілтемеде: МАҚАЛА: ЕЛ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады [2]. Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді [3].
Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/2019_zhil__zhastar_zhili__4808
© e-history.kz