Размер шрифта:

"Нұр Отанның" бүгінгі съезінде Елбасы бірқатар бастама көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.

http://www.balkhash.goo.kz/media/img/photohost/5c922233ea990.jpg

"Нұр Отанның" бүгінгі съезінде Елбасы бірқатар бастама көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Бәрі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың қамы. Алдағы міндет мыналар:

1. Республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады;
2. Бюджеттің әрбір тиыны халыққа жетуі керек;
3. Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет;
4. Көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңге төленеді;
5. «Құтты мекен» жобасы 7,5 млн ауыл халқының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді;
6. Мүгедек балаларды асырап отырған ата-ана жәрдемақысы 30 пайызға өседі;
7. Президент ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды;
8. Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі;
10. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 процентке арттыруды тапсырды;
11. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлінеді;
12. Ірі қалаларда баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді;
13. Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады.