«Елбасы елімен бірге»
№7мектеп-гимназиясының кітапханасында 2 Ә сынып оқушыларының қатысуымен «Елбасы елімен бірге» атты танымдық сағат өтті.Н.Ә. Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетіназамат. МақсатымызЕлбасының осындай өмір жолымен таныса отырып, жас жеткіншектерді Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Сонымен бірге сергіту сәтте Елбасы туралы сұрақтар қойылып,оқушылар ұтымды жауаптарын берді.Кітапхана меңгерушісі Саягүл Тұяққызы экраннан Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдарына қатысты деректі фильмдер көрсетіп,кітаптарына шолу жасады.