«ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» шеберлік байқауының IV кезеңі
2026 жылғы 26 наурызда балалар музыка мектептерінің, балалар өнер мектептерінің, көп бейінді қосымша білім беру ұйымдарының, колледждердің «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» музыка және хореография бөлімдерінің педагогтары арасында «Ансамбльдер» (аспаптық, вокалдық) номинациясы бойынша Х аймақтық орындаушылық шеберлік байқауының IV кезеңі өтті. Байқауға балалар музыка мектептерінің, балалар өнер мектептерінің, Ақтоғай, Бұқар жырау, Шет аудандарындағы оқушылар сарайларының дипломды ұстаздары қатысты. Қарағанды, Қарқаралы, Балқаш, Теміртау қалалары, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі.
Байқауға 17 ансамбль қатысты. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің “ Мерей” ансамбілі жүлделі 3- ші орынға ие болды.


Жеңістеріңіз құтты болсын!!!