«Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы
19-03-2026 15:06
«Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы
Наурызнаманың Жаңару күніне орай, 2026 жылғы 19 наурызда Қарағанды облысы Балқаш қаласының Балалар өнер мектебінің домбыра класының оқушылары мен мұғалімдері Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясына белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты - еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау болды.
Акция барысында білім алушылар халық күйі «Тепеңкөк», Құрманғазының «Балдбырауын», «Адай», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Тұранның «Ер Тұран» күйлерін орындады.