Ұлттық киім күні
Мектебіміздің хореография сыныбының оқушылары Ұлттық киім күніне орай қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, ерекше сән-салтанатымен көзге түсті. Бұл игі бастама жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған.
Оқушылар қазақы нақыштағы киімдер арқылы халқымыздың бай мәдениетін, әсемдігі мен талғамын айқын көрсете білді. Әрбір ұлттық киімнің өзіндік мәні мен тарихы бар екені де көрініс тапты.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы. Оны құрметтеп, келер ұрпаққа насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

