«Шаңырақ күніне» салтанатты шара
18-03-2026 14:44
«Шаңырақ күніне» салтанатты шара
Наурызнама онкүндігі аясында Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында «Шаңырақ күніне» орай өткен салтанатты шарада әріптестеріміз ерекше құрметке ие болды!
40 жыл бойы отасып, үлгілі отбасы атанып келе жатқан Нұрбекова Ғалия Сәрсенбековна мен отағасы Төлегенов Амандық Нуркенович марапатталды!
Бұл – тек уақыт емес, бұл – сыйластыққа, түсіністікке, махаббат пен сабырға толы үлкен өмір жолы. Осындай берекелі де бақытты шаңырақтарыңыз көп болсын!
Құрметті әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тілейміз! Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, отағаңызбен әрдайым аман-есен жүре беріңіздер!