Балалар өнер мектептері, балалар музыка мектептері және оқушылар сарайы арасындағы вокалдық- хор бөлімінің (домбырамен ән салу) оқушылары үшін өткен Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков атындағы V облыстық «Жасыл перне» байқауының 1 кезеңіне онлайн түрде мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының 9 оқушысы қатысып, 2 кезеңге 6 оқушы жолдама алды. Осы нәтижеге байланысты 28 ақпан күні Қарағанды қаласына болған екінші кезеңге қатысқан оқушылар өз жас санатына байланысты қарсыластарын оза шауып, Зәрубек Досжан 1 орын, Қараман Сұлтан 3 орын, Базарымбет Айлана 3 орын, Қадыр Ерасыл 2 орын иеленді. пед: Абдуалиева Жансая Нургазиевна, Әзіл Кәусар( пед. Құнарбекова А.Ж.), Күмісхан Аңсар (пед. Абдуалиева Ж.Н.) қатысқаны үшін Сертификат иеленді. 1-2 орын алған оқушылар 14 наурыз күні Қарағанды қаласында өтетін ГАЛА концертте өз өнерлерін ортаға салатын болады.
Құттықтаймыз!!! «Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін»- демекпіз!!!