«Ғасырлық шеберлік» облыстық халық шығармашылығы, қол өнер және халық өнері байқауы
2026 жылдың 12-26 қаңтар аралығында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Балқаш қаласының «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК бірлесіп «Ғасырлық шеберлік» облыстық халық шығармашылығы, қол өнер және халық өнері байқауын өткізді. Байқауға мектебіміздің көркемөнер бөлімінің оқушысы Зеер Эмилия қатысып, І орын иеленді. Құттықтаймыз!!! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін демекпіз!!




