«ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ; ТӘТТІМБЕТ ЖӘНЕ ӨНЕРДІҢ МӘҢГІ МҰРАСЫ» педагогтердің республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
02-12-2025 11:50
«ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ; ТӘТТІМБЕТ ЖӘНЕ ӨНЕРДІҢ МӘҢГІ МҰРАСЫ» педагогтердің республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
Қараша айының 28-жұлдызында Қарағанды қаласы «Тәттімбет атындағы өнер колледжінде» Арқа шертпе күй өнерінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ; ТӘТТІМБЕТ ЖӘНЕ ӨНЕРДІҢ МӘҢГІ МҰРАСЫ » атты педагогтердің республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы болып өтті. 
Конференцияға Астана,Алматы,Қарағанды қалаларының спикерлері және арнайы музыка мектептерінің педагогтары қатысты.
 Конференция барысында шеберлік сабақтар өткізіліп, қатысушыларға қүнды маңызды тақырыптар ұсынылып, пікір таластар болды. Іс шара барысында өнер колледжінің өнерпаздары өнер көрсетіп, күйлерді нақышына келтіріп орындап көрермендерге паш етті.
Келешекте осы жоба әрі қарай дәстүрлі түрде өткізілетін болды. Ұлттық өнер мұрасын дәріптеуге арналған іс шара өте жоғары деңгейде өткізілді.
Конференцияға домбыра сыныбының педагогы Жарова Айгул Нуралыкызы қатысып тәжірибе жинап қайтты.