"Сәндік натюрморт және оны бейнелеу" ашық сабақ
14.11. 2025 күні көркемөнер бөлімінде Сурет пәнінен "Сәндік натюрморт және оны бейнелеу" тақырыбында 1- ші сыныптармен ашық сабақ өткізілді. Педагог Тілеубек Айдана Маргулановна. Натюрморт жанрында жұмыс орындауды дұрыс ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Натюрморт бейнелеуде қойылған заттарды қағаз бетінде орнын табу, орналастыру, тұрғызу, жарық пен көлеңкені бейнелеп, түстерді үйлестіре отырып бояу және безендіру тәсілдерін ұтымды көрсете білді. Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысты.






https://www.instagram.com/p/DRJ0PokjHpK/?next=%2Fart__school_balkhash%2F