«Күй – халық қазынасы» интерактивті кеш
Ұлттық домбыра күні мерекесі аясында «Күй – халық қазынасы» атты интерактивті кеш өтті. Мақсаты: оқушыларды күй өнерімен таныстырып, қазақ халқының тарихымен байланысын түсіндіре отырып, домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кешке Балалар өнер мектебінде ашылған «Өнер» жазғы мектебінің оқушылары қатысты. Оқушыларға күйлер тарихы туралы бейнебаяндар көрсетілді, олар күйлерді тыңдау арқылы оның мазмұнын ойша елестетіп сурет салып көрді және аспаптардың шағын көрмесін тамашалады. Кеш соңында Балалар өнер мектебінің жоғарғы сынып оқушылары күйден шашу шашты.






