ОҚУ ЖЫЛЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЯҚТАДЫ
06-06-2025 18:03
ОҚУ ЖЫЛЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЯҚТАДЫ
Балалар өнер мектебінің көркем өнер бөлімінде оқу жылының соңын ерекше шығармашылық дәстүрмен аяқтау қалыптасқан. Жыл сайын бөлім оқушылары табиғат аясында ашық аспан астында пленэрлік сурет салады. Бұл іс-шара балалар үшін қоршаған ортаны тереңірек тануға, табиғаттың, күн сәулесінің және атмосфераның әсерінен өзгеріп тұратын түстерді байқауға үлкен мүмкіндік береді.
ЛӘЗЗАТ БАКИРОВА - көркем өнер бөлімінің меңгерушісі
Оқушылар табиғат аясына шығып, плэнерлік суреттер орындайды онда балалар алдындағы көрініске қарап отырып, табиғаттың әсерінен, атмосфераның әсерінен күннің әсерінен өзгерген түстерді қарай отырып, анықтап, бояуларды араластырып таба білуге үйретеміз.
Аталған шығармашылық тәжірибе жас суретшілердің көркемдік қабылдауын дамытып, олардың бояумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Балалар өнер мектебінің көркем өнер бөліміне балалар 5-6 жастан бастап қабылданады. Оқушылар бұл бөлімде жүйелі түрде көркемдік білім алып, төрт жылдық оқу курсын тәмамдап, арнайы куәлікке ие болады. Бұл куәлік оларға болашақта шығармашылық бағыттағы колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге зор мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көркем өнер бөлімінде 345 бала білім алуда. Биылғы оқу жылын сәтті аяқтаған 23 түлек диплом алып, кәсіби шығармашылық жолына алғашқы қадамдарын жасады.
 
В отделении художественного искусства Детской школы искусств Балхаша по традиции провели пленэр — выездное рисование на природе, ставшее ежегодным итоговым мероприятием учебного года. Каждое лето учащиеся создают картины под открытым небом, наблюдая за живописными пейзажами. Это не только творческая практика, но и возможность глубже понять природу, научиться передавать её настроение и состояние в живописи.
ЛЮДМИЛА БАГДАНОВА - преподаватель художественного отделения
Пленэр - это рисование на природе. Ежегодно проводится пленэр, дети рисуют достопримечательности города Балхаш: озеро, Дворец, природу, пейзажи, городские пейзажи, транспорт, цветы — всё, что их окружает. Дети с удовольствием ходят на пленэр.
В изобразительное отделение принимаются дети с 5–6 лет. Обучение проводится по систематической программе, включающей основы композиции, живописи, графики и других направлений изобразительного искусства. Полученный по завершении курса сертификат даёт выпускникам дополнительные возможности для поступления в творческие колледжи и вузы. На сегодняшний день в отделении обучается 345 юных художников. В этом учебном году завершили обучение 23 выпускника, которые сделали первые шаги на пути к профессиональной творческой карьере.