«Өнер» жазғы мектебі
03-06-2025 11:48
«Өнер» жазғы мектебі
Балалар өнер мектебінде «Өнер» жазғы мектебі өз жұмысын бастады. Көркемөнер бөлімінің оқушылары пленэрге шығып, оқу сабақтарын жалғастыруда.
Табиғат аясында, ашық далада, қоршаған ортаны қағаз бетіне бейнелеп - күн сәулесінің әсерінен өзгерген түстерді ажырата біліп, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуде.