Қалалық «Зияткерлер- ұлт болашағы!» форумы
22 мамыр күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен қалалық «Зияткерлер- ұлт болашағы!» форумы өтті. Форумда мектебіміздің хореография бөлімінің «Ақмаржан» би ансамблі биден шашу шашса, скрипка ансамблі, вокал сыныбы және топтық хор сабағы оқушылары көпшілік көрермендерге өнерлерін тарту етті. Сонымен қатар Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың облыстық, республикалық кезеңінің қорытындысында мектебіміз «ТАЛАНТТАР ҰЯСЫ» номинациясына ие болдық. Еңбегіміз еленіп, жемісті болайық!
БІЗ БІРГЕМІЗ!!!




