Размер шрифта:
«Болашағы біз елдің» жылдық есеп беру концерті
15-05-2025 17:11
«Болашағы біз елдің» жылдық есеп беру концерті

14 мамыр күні Оқушылар сарайында Балалар өнер мектебінің жыл сайын дәстүрге айналдырған «Болашағы біз елдің» атты жылдық есеп беру концерті болып өтті. Бұл концерттің мақсаты оқушылардың жыл бойы оқу жылында үйренгендерін ата-аналар қоғамына көрсету сонымен қатар тәрбиеленушілеріміздің көпшілік алдында өз өнерлерін еркін көрсетуге, бойындағы дарындарын шыңдауға, сахна мәдениетіне машықтандыруға негізделген. Концертте домбыра, дәстүрлі ән, вокал, қыл қобыз, гитара, флейта, саксафон, жетіген, скрипка сыныбының оқушылары және топтық сабақтар хор, әр аспаптан құралған ансамбльдер, «Ақмаржан» би ансамблі, театр бөлімі оқушылары барлығы 400- ден аса оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік көрермендердің зор алғысына бөленді. Сонымен қатар көркемөнер бөлімі оқушыларының жасаған жұмыстары «Шексіз шығармашылық» тақырыбында қомақты жұмыстармен көрме ретінде қойылды. Балалардың жасаған жұмыстарына таң қалғандарын ата-аналар жасыра алмай жүрек жарды тілектерін айтып, мектебіміздің педагогтарына шығармашылық табыс тілеп, тілек ниеттерін жеткізіп, гүл шоқтарын ұсынды.

https://www.facebook.com/ArtSchoolBalkhash/videos/1928382777970855

https://www.facebook.com/ArtSchoolBalkhash/videos/1044058894487032

https://www.instagram.com/p/DJrsS9bIkMo/

https://www.instagram.com/p/DJs28NToMUM/