"Ер-елінің қорғаны" мерекелік концерт
05.05.2025 ж. Қарағанды облысы білім басқармасының "Балқаш қаласы білім бөлімі" ММ ұйымдастыруымен 7 мамыр "Отан қорғаушылар күніне" орай "Ер-елінің қорғаны" тақырыбында Балқаш қаласы бойынша білім саласының ер азаматтарын құттықтау мерекелік концерт өтті.
Концертке "Телқоңыр" домбырашылар ансамблі, "Баланаз" оркестрі, "Балдәурен" хоры белсене қатысты!
Сонымен қатар дәстүрлі ән сыныбының педагогы Еркебұлан Амангельдиевич және Аманбай Амантайұлы Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасын иеленді. Құттықтаймыз!!!







