«Мәдениеттің өзегі- өнер» мерекелік концерт
Мектебімізде жылдық жоспарға сай 22 сәуір күні Халықаралық мәдениет күніне орай «Мәдениеттің өзегі- өнер» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке қаламыздың ардагерлері және қала қонақтары шақырылды. Бұл концертте жанды дауыста мектебіміздің әр бөлімі және сынып педагогтері әртүрлі аспапта шығармалар күйлер және домбырамен, фонаграммамен ән әр дауыста әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Концерт соңында Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Ақтайұлы Жұманов ұжымымызға алғысын айтып, мектебімізге Алғыс хат және сыйлық табыстады. Артынша ардагер ұстазымыз Мейрамғазы Берікбол Батайұлы концерттің өте жоғары деңгейде өткенін атап, зор алғысын жаудырды.












