Размер шрифта:
Педагогикалық кеңес
12-01-2024 15:58
Педагогикалық кеңес
11.01.2024ж. 2 тоқсанды және І жартыжылдықты қорытындылау мақсатында Педагогикалық кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұқажан Г.Х., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуалиева Ж.Н., ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Елеубекова Г.Ұ. үш бағыт бойынша атқарылған істермен, жұмыс қорытындысымен таныстырды. Бөлім меңгерушілері есеп беру сабақтары, концерттері, қаралымдары, экзамендері туралы баяндама жасады. Педагогикалық әдеп, буллинг бойынша ақпараттар да назардан тыс қалмады. Мектеп директоры Жексембекова Г.С. педагогтерді жылы лебізімен ынталандырып, еңбек жолында табыс пен іскерлік тіледі.