Оқушылармен шығармашылық ойын алаңы

Ойын арқылы баланың білімі мен белсенділігін арттыру мақсатында көркемөнер бөлімінің педагогі Даримбекова Б.А. 7-8 жас тобы окушыларымен шығармашылық ойын алаңын ұйымдастырды. Сезімталдықпен есте сақтап, елестетіп суреттер салу, ою-өрнек элементтерін құрастыру, айырмашылықтарын табу арқылы балалардың зейін, байқампаздық қабілеттері байқалды. Оқушылар түрлі суретті жұмбақтарды шешіп, қызығып белсене қатысты.